Құрметті әріптестер!

«Мектеп» баспасынан жаңартылған бағдарламамен жазылған 5 және 7-сыныптарға арналған оқулықтар жарық көрді. Оқулықтар Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі бекіткен оқу бағдарламасына негізделіп жазылған және білім ұйымдары ұйымдастырған сараптаманың барлық сатыларынан өткен. Бұрынғы оқулықтардан ерекшелігі бұл оқулықтар бағдар беруші, яғни оқушының өздік жұмысын ұйымдастырушы. Оқулықта оқушылардың функционалдық сауаттылығын, өздігінен іздену дағдыларын дамытуға, талдау, интерпретация және жаттығуларды нәтижелі орындауға бағытталған тапсырмалар берілген. Оқулықтар түрлі түсті, иллюстрацияға бай, берілген мәтіндер оқушының жас ерекшелігіне сай.

Пікір

Комментарии могут оставлять только авторизованные пользователи

Комментариев пока нет