“Мектеп” баспасының Бас директоры
“Мектеп” баспасының бас редакторы
«Мектеп» баспасы әуелде «Қазақ мемлекеттік оқу-педагогика баспасы» деп аталғаны белгілі. Сол атауына сай өзінің құрылған күнінен бүгінге дейін әдебиеттің ең бір күрделі түрі мектеп оқулықтарын шығаруда. Баспа жетпіс жылдан аса тарихында республикамыздың білім беру саласында, соның ішінде еліміздің оқулық шығару ісінде табысты еңбек етіп келеді.
Баспамыз 2016 жылдан бастап жаңартылған білім мазмұнындағы оқулықтар мен оқу құралдарын шығаруды қолға алды. Бұл оқулықтар мен оқу құралдарының ерекшелігі – білім беру сапасын жетілдіру, оқытудың әдіс-тәсілдерінің тиімділігін арттыру, сондай-ақ ұлттық және жалпыадамзаттық құндылықтарды бойына сіңірген, білімді, іскер және сыни тұрғыдан ойлауға қабілетті, әлемдік стандарттар негізінде жұмыс істей алатын жеке тұлғаны қалыптастыру.
Бүгінде өзіндік тарихы, зор интеллектуалдық және кәсіби мүмкіндігі бар баспамыз оқушылардың функционалдық сауаттылығын қалыптастыратын жаңартылған білім мазмұнындағы 5–11-сыныптарға арналған оқулықтар мен оқу құралдарын даярлап, басып шығару арқылы аса ауқымды мемлекеттік іске айтарлықтай үлес қосуда.
Осы орайда біздерді қолдап, оқулықтарымызға ерекше ықылас танытып жүрген ұстаздар қауымына және ата-аналарға ризашылығымызды білдіреміз.