• Сіз осындасыз:
  • Үйге
  • Жаңалықтар
  • Click n' Learn сериясындағы 3D-көріністі балалар энциклопедиялары

Click n' Learn сериясындағы 3D-көріністі балалар энциклопедиялары

«Мектеп» баспасы венгрлік «Mozaik Education» баспасымен бірлесіп, қазақ және орыс тілдерінде Click n' Learn сериясындағы жиырма 3D кітаптан тұратын балалар энциклопедиясын шығарды.  

Серия қазақ және орыс тілдерінде «Аңыз болған шайқастар», «Билеушілер мен империялар», «Ежелгі жануарлар», «Бізді қоршаған әлем», «Жер біздің ғаламшар» , «Өзгермелі  әлем», «Жануарлар әлемі», «Өсімдіктер. Саңырауқұлақтар», «Біздің үйлер», «Әлем жауһарлары» сияқты кітаптарды қамтиды.

Бұл кітаптар ізденімпаз оқушыларға инновациялық цифрлық білім беру арқылы адамзат тарихының, ғылымы мен мәдениетінің ең әдемі беттерімен танысуға мүмкіндік береді. Бұл кітаптарды жасау кезінде жаңа технологиялар қолданылды. Олар 3D-көрініске негізделген суреттермен (snapshot) безендірілген. Егер смартфонмен, айфонмен немесе планшетпен кітап бетінің  бұрышындағы  QR-кодты сканерлесеңіз, осы тақырып бойынша қосымша ақпаратты қамтитын қызықты 3D-көріністер ашылады.

VR-көзілдірікті пайдаланған кезде оқырмандарға Афиныдағы Ежелгі Дионис және Уильям Шекспирдің «Глобус» театрларын тамашалауға, тимуридтік сәулет өнерінің жарқын үлгісі Қожа Ахмет Ясауи кесенесіне барып, кіші қажылық жасауға, Үнді сәулет өнерінің інжу-маржаны Тәж-Махалға таңданып, Париждегі Триумф аркасының астынан өтуге мүмкіндік  беріледі.

Бұл – жас оқырмандар үшін таптырмас кітаптар!

Пікір

Комментарии могут оставлять только авторизованные пользователи

Комментариев пока нет