Тараздың тарландары – Алаштың ардақтысы

2023 жылы 14 наурызда Қазақстан Республикасы Ұлттық кітапханасының Н.Дәулетова атындағы залында тарихшы ғалым Тұңғышбек Байқұлов пен әдебиетші-аудармашы, белгілі баспагер Ерлан Сатыбалдиевтің  құрастыруымен жазылған «Тараздың тарландары – Алаштың ардақтысы» атты кітаптың тұсаукесері өтті.

Кітапта Алаш қайраткері, қазақтан шыққан тұңғыш агроном, ғалым Мұстафа Бұралқиев пен әкесі Бұралқы болыстың өмірі мен қайраткерлік қызметі жайында оның ағайын-туыстары мен көзін көрген көнекөз қарттардың  естеліктеріне басымдық берілген. Сонымен қатар жинақта мұрағат құжаттарынан табылған 1928–1930 жылдардағы ұжымдастыру кезеңі, 1932–1933 жылдардағы ашаршылық салдарынан болған тарихи оқиғаларға қатысты мәліметтер мен еш жерде жарияланбаған сирек кездесетін фотосуреттер ұсынылған.

Пікір

Комментарии могут оставлять только авторизованные пользователи

Комментариев пока нет