• Сіз осындасыз:
  • Үйге
  • Жаңалықтар
  • «Ұлы Жібек жолымен – 2023» ХІ Халықаралық кітап және полиграфия жәрмеңкесі

«Ұлы Жібек жолымен – 2023» ХІ Халықаралық кітап және полиграфия жәрмеңкесі

2023 жылғы қарашаның  22 – 24-і аралығында Алматы қаласындағы «Атакент» іскерлік ынтымақтастық орталығында Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің қолдауымен «Атакент-Экспо» Халықаралық көрме компаниясы мен Қазақстан Республикасы Кітап палатасы, Қазақстан Баспагерлер, полиграфистер және кітап таратушылар қауымдастығымен бірлесіп, «Ұлы Жібек жолымен – 2023» ХІ Халықаралық кітап және полиграфия жәрмеңкесін өткізді.  «Мектеп» баспасы  кітап өнімдерімен осы жәрмеңкеге қатысып,  көрмеге келген әріптестерімен іскерлік байланыстар орнатып, тәжірибе алмасты. Көрмеде семинарлар, дөңгелек үстелдер, жаңа басылымдармен таныстырылымдар өткізілді.

Пікір

Комментарии могут оставлять только авторизованные пользователи

Комментариев пока нет