«Мектеп» баспасына 70 жыл

«Мектеп» баспасына — 70 жыл. Осы жылдар аралығында баспа әдебиеттің ең бір күрделі түрі — оқулықтар мен оқу-әдістемелік құралдарды шығарып, білім саласына өлшеусіз үлес қосты. Баспамыздың  барлық тарихы  білім берумен және өскелең ұрпақты тәрбиелеумен тығыз байланысты. Бүгінгі таңда «Мектеп» жаңартылған мазмұндағы  оқулықтарды шығыру үстінде. Баспа ұжымы атаулы мерейтойды зор шығармашылық табыстармен қарсы алуда. Оқулықтарымызға ерекше ықылас танытып отырған ұстаздар қауымына, ата-аналарға, оқушыларға зор ризашылығымызды білдіреміз. Біз әрқашан Сіздермен біргеміз!

Пікір

Комментарии могут оставлять только авторизованные пользователи

Комментариев пока нет