• Сіз осындасыз:
  • Үйге
  • Жаңалықтар
  • Қымбатты Ерлан Әбенұлы, құрметті «Мектеп» баспасының ұжымы!

Қымбатты Ерлан Әбенұлы, құрметті «Мектеп» баспасының ұжымы!

70 жыл! Бұл былай  қарағанда бір адамның өмір жасы, азаматтың осы уақытта не тындырдым деп ойланар шағы. Ал мекеме үшін үлкен  белес, қоғам алдындағы үлкен жауапкершілік. Еңбегінің нәтижесіне қорытынды жасап, болашаққа  тың жоспар құратын уақыт. «Мектеп» баспасының да 70 жылдық мерейтойында тізбелеп айтатын   жетістіктері жетіп артылады. Баспа ісімен  айналысу, оның ішінде өскелең ұрпаққа арналған оқу құралдарын жасау, ең қайырымды да жауапты міндет деп ойлаймын. Еліміз  тәуелсіздік алған уақыттан бері ғана  баспадан жарық көрген  қаншама оқулық  әр оқушының айнымас серігіне айналды. Мен баспа ісінің қара шаңырағына   айналған «Мектеп» баспасымен әріптес болғаныма қуанамын.

2010 жылдан  бері бірлесе жұмыс жасап, «Мектеп» менің екінші жұмыс орныма айналды. «Ауылына қарап азаматын таны» деген  халқымыздың дана сөзін  «ұжымына қарап басшысын таны»  деп айтқан болар едім. Баспаның табалдырығын аттағаннан бастап сізді баспа қызметкерлері жылы жүзбен қарсы алып, ілтипатпен шығарып салады. Демек, бұл ұжымда ынтымақ пен сыйластыққа үлкен  мән беріледі. Ал  ынтымақ бар жерде құт-береке болатыны хақ. Баспаның  ұзақ жылдар табысты еңбек етіп келе жатқанының себебі осында деп ойлаймын. Бұл күнде «Мектеп» – беделді, бәсекеге қабілетті, баспа ісінің  көшбасшысына айналған қара шаңырақ. Қара шаңырақтың қашанда қоғам мен болашақ алдындағы парызы қомақты екені айтпаса да түсінікті.

Құрметті Ерлан Әбенұлы! Сізге және өзіңіз басқарып отырған қара шаңырақ –«Мектеп» баспасының ұжымына зор денсаулық, қажымас  қайрат, отбастарыңызға амандық, еңбектеріңізге шығармашылық табыстар мен үлкен таралымдар  тілеймін. Алар асуларыңыз бен жұлдызды сәттеріңіз көп  болсын!Мерейтойларыңыз құтты болсын, құрметті әріптестер!

Ізгі тілекпен, жалпы білім беретін мектептің 7-сыныбына арналған «Химия» оқулығының авторы химия ғылымдарының кандидаты  Мейрамгүл Оспанова

Пікір

Комментарии могут оставлять только авторизованные пользователи

Комментариев пока нет