• Сіз осындасыз:
  • Үйге
  • Жаңалықтар
  • Республика мектептерін оқулықтармен қамтамасыз ету аяқталды

Республика мектептерін оқулықтармен қамтамасыз ету аяқталды

«Мектеп» баспасы 25 тамыздағы мәлімет бойынша, карантин жағдайына қарамастан, 244 аумақтық білім мекемесіне оқу әдебиеттерін 100% жөнелтіп, республика мектептерін оқулықтармен қамтамасыз етуді сәтті аяқтады. 
Бұл баспа мен ҚР Білім және Ғылым министрлігінің бірлескен  жұмыстарының арқасында іске асты.    
Білім мекемелерін оқулықтармен дер кезінде қамтамасыз ету мәселесін үнемі бақылауда ұстап, баспаларға  жан-жақты көмек көрсетіп отырған министр Асхат  Қанатұлы Аймағамбетовке және вице-министр  Шолпан Танатқызы Кариноваға үлкен рахмет! 
Осы істің оң нәтиже көрсетуіне бақылау ұйымдастырып, жергілікті атқарушы органдардың, тасымалдаушылардың, баспалардың жұмысын үйлестірген «Оқулық» орталығының директоры  Бейсембаев Ғани Бектайұлына үлкен алғысымызды айтамыз.  Бәріміз бірге атқарған жұмыстың нәтижесін көріп, «Біз біргеміз» деген лозунг бос сөз емес екенін тағы да  бір рет дәлелдедік. 
«Мектеп» баспасының атынан  әріптестерімізді білім мекемелерін оқулықтармен қамтамасыз ету үрдісінің аяқталуымен құттықтаймыз! 
Бұл мемлекеттік  маңызды істің жоғары деңгейде өткеніне біз қуаныштымыз және қатысқан барлық  ұжымдарға алғыс айтамыз!

«Мектеп» баспасының  Бас директоры  Ерлан Сатыбалдиев

Пікір

Комментарии могут оставлять только авторизованные пользователи

Комментариев пока нет