• Сіз осындасыз:
  • Үйге
  • Жаңалықтар
  • Құрметті мектептіктер, қадірлі баспагерлер!

Құрметті мектептіктер, қадірлі баспагерлер!

Баспа болып құрылғалы бері бағытынан айнымай, адал еңбек етуді мұрат етіп,  бүгінгі күні де  оқулық дайындау ісіне белсене араласып келе жатқан баспаның бірі  – «Мектеп» баспасы. Мектеп оқушысына арналған  оқулық шығару – баспадан  үлкен жауапкершілік пен  зор  шыдамдылықты талап ететін, абыройы мен сыны қатар жүретін жұмыс. Білім беру бағдарламалары қайта жазылып, жаңартылған білім мазмұнына сай  заманауи оқулық, оқу құралдары мен оқу-әдістемелік кешендер жазу міндеті күн тәртібіне көтерілген бүгінгі күнде баспаларға  түсетін жүк еселене түсуде.

Баспа ісі саласында өзіндік қолтаңбасы қалыптасқан, өзіндік  дәстүрі бар «Мектеп» баспасы осы міндет үдесінен шығып, гуманитарлық және жаратылыстану бағытында бірнеше оқулықтар ұсынуда. Әрбір қазақ баласының қолында жаңа көзқарас, креативті ойлаумен жазылған,   мазмұнына сай безендірілген оқулықтардың   жүруінде осы баспаның   ұшан-теңіз еңбегі жатқанын айтуымыз керек. Бүгінде 70 жасқа толып отырған «Мектеп» баспасының ұжымын  мерейтойымен шын жүректен құттықтап, жас ұрпақтың білім жолында жасап жатқан істері  берекелі   әрі ұзағынан болсын деп тілеймін!  

Баян Керімбекова

«Мектеп» баспасы.

 

Пікір

Комментарии могут оставлять только авторизованные пользователи

Комментариев пока нет