Құрметті «Мектеп» баспасының ұжымы!

Кітап – білім көзі, рухани азық. Әрі дос, серік, ақылшы. Кітап тек досың ғана емес, ұстазың...кеңесшің...ақылшың.Біздің қоғамда, әсіресе жас ұрпақты тәрбиелеу ісінде кітаптың атқаратын қызметін айтып жеткізу қиын. Ең ақылды, ең ұлы ұстаз – кітап. Бұл – қанша айтылса да арымайтын, қажымайтын қағида.Осы салада «Мектеп» баспасының жұмысы айрықша. Оқушы балалардың біліміне, санасына, жас мөлшеріне сай әдебиетті саралап, әр сынып оқушысына лайықтап ұсынып келе жатқандарыңызға 70 жыл толып отыр.

70 жыл тарихы бар баспаның қазақ еліне бергені мен болашақта берері мол екені сөзсіз. Ел жастарына сапалы білім, саналы тәрбие беруде жылдар бойы ерінбей ерен еңбек етіп, тындырымды істер атқарып, еліміздің мектеп оқушыларын түрлі оқулықтар, оқу-әдістемелік әдебиеттермен қамтамасыз етіп келе жатырсыздар.

Сіздердің осы еңбектеріңіз Тәуелсіз Қазақстанымыздың тарих беттерінен Мәңгі орын алып, келер ұрпаққа берер қазынасы таусылмасын. «Кітап білім – бұлағы» дегендей, ел үшін жасалып жатқан игі істеріңіз сарқылмасын.Баспа ұжымының әрбір мүшесіне денсаулық, шығармашылық шабыт, еңбекте таусылмас табыс, мұқалмас жігер, қайтпас қажырлық, отбасыларыңызға ортаймас бақ-ырыс тілейміз.Әрқашан мерейлеріңіз үстем, мәртебелеріңіз биік болсын!

Батыс Қазақстан облысының білім басқармасы басшысының м.а.

З.Гумарова

 

Пікір

Комментарии могут оставлять только авторизованные пользователи

Комментариев пока нет