«Мектеп» баспасының ұжымына

Аса қадірлі Ерлан Әбенұлы!

Қазақстан тарихшыларының қауымдастығы еліміздің аса іргелі және беделді мемлекеттік «Мектеп» баспасының ұжымын, ұжым басшысы Өзіңізді, баспаның 70 жылдық мерейтойымен құттықтайды!

«Мектеп» баспасы осы мезгілде қоғамның рухани өмірінің мазмұны мен бағытын анықтайтын абыройлы іс – білім жүйесіне оқулықтар даярлау ісімен  айналысып келеді. Бұл жұмыстың бейнеті шаш етектен, солай болуға да тиіс, сонымен бірге оның зейнеті де мол. «Мектеп» шығарған оқулықтар арқылы білім алған буындар елімізде мыңдап, миллиондап саналады.

Халықта «бұлақ көрсең көзін аш!» деген ұлағатты сөз бар! Біз бәріміз анамыздың ыстық алқанынан соң мектеп табалдырығын аттаймыз. Қоғам өмірінде ағартушылықтан үлкен маңызды іс жоқ. Олай болса, «Мектеп» баспасы атқарып отырған жұмыстың біздің қоғамдық өміріміздегі орны ерекше бағалы.

Осы жолдағы еңбектеріңізге зор табыс тілейміз!

Құрметпен, Қазақстан тарихшылары қауымдастығының төрағасы, академик М.Қойгелдиев.  

 

Пікір

Комментарии могут оставлять только авторизованные пользователи

Комментариев пока нет