Жаңалық пен іздеске құмар баспа

Адамзат баласының қол жеткізген ұлы игіліктерінің бірі – білім қазынасы. Кітап – білім көзі, рухани азық. Қысқасы, ең ақылды, ең ұлы
ұстаз – кітап. Бұл – қанша айтылса да арымайтын, қажымайтын қағида. «Кітап» дегеніміз – алдыңғы ұрпақтың артқы ұрпаққа қалдырған рухани өсиеті. Кітап оқудан тыйылсақ, ой ойлаудан да тыйылар едік», – деген еді Ғабит Мүсірепов. Ақпараттық-технологиялық ғасырдың жоғары дамыған қарқынына қарамастан кітаптың адам өміріндегі алатын орны, мәртебесі жоғары болып қала беретіні сөзсіз.

«Мектеп» баспасы осы жеті онжылдықта әдебиеттің ең күрделі түрі – мектеп оқулықтарын басып шығарып келеді. Баспа танымал педагогтер, авторлар мен әдіскерлердің өте құнды тәжірибесін шоғырландырды. Үлкен кәсіби ұжым еңбегінің нәтижесінде жаңа буын оқулықтары, көмекші оқу құралдары пайда болды. Оқулық – ұстаздың да, оқу­шының да ақылшысы, сондықтан оны жазуға қойылатын талаптар өз алдына ғылым. Келешек ұрпақтың төл оқулығымыздан білім нәрімен сусындауын қалаған осы саланың мамандары бұл бағытта аянбай тер төкті.

Бүгінгі күн – білім беру маз­мұнына, оқушы мен педагог тұлғасына және қызметіне деген көзқарастардың түбегейлі өзгеріске бет бұрып отырған кезеңі. Бұл жөнінде Елбасымыз: «Біз қазір «білім-ғылым-инно­вация» атты үштік үстемдік құра­тын постиндустриялық әлемге қарай бағыт алып барамыз», – деген еді. Оқу құралдарын әзірлеу ісі де жаңа өзгерістерге бет алды. Осы орайда еліміздің баспа саласында 70 жыл бойы табысты қызмет етіп келе жатқан «Мектеп» баспасы әзірлеп жатқан жаңа форматтағы оқулықтар білім алушының ынтасын арттыру және дамыту функцияларының күшеюімен, мәтіннен тыс ақпарат­тың кеңеюімен ерекше­ленеді. Оқулықтың ішіндегі тапсырмалар ақпаратты өз бетінше іздеуге, түрлендіруге және қолдануға үйретеді. Оқу материалдары сұхбат­тастық, интерактивтілікке негізде­лген. Электронды, мультиме­диалық қосымшалармен толықты­рыл­ған.

Тәуелсіздік алғаннан бері білім саласында жасалып жат­қан күллі реформа, «Мектеп» баспасының тәжі­рибесі мен алдағы ізденісі – кешегі Ахмет Байтұрсынұлы аталар­ымыз мұрын­дық болған баста­малар­дың бүгінгі заманға сай көрінісі.

Баспа тек оқулықтар шығарумен ғана шектеліп қалған емес. Бұл дәстүрлі үрдісін күні бүгін де жалғастыруда. Оған осы соңғы жылдары баспада жарық көріп, жұртшылық сұранысына ие болған алуан тақырыптағы кітаптары дәлел.

Өзінің айтулы төл мерекесін кемел шағында қар­сы алып отырған шығармашылық әлеуеті мен кәсіби тәжірибесі мол «Мектеп» баспасы ұжымның оқырмандар сұранысының биігінде бола беруіне тілектеспін.

Қазақстан кітап саласында сапалы қызметімен көрініп жүрген баспалардың бірегейі – «Мектеп» бас­пасының 70 жылдық мерейтойы құтты болсын!

Құрметпен, ҚР Ұлттық ғылым академиясының корреспондент-мүшесі,

«Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы»

АҚ Басқармасының төрағасы

Педагогика ғылымдарының докторы, профессор

Ахметова Гүлнас Кенжетайқызы

Пікір

Комментарии могут оставлять только авторизованные пользователи

Комментариев пока нет